Компания туралы
"ДиАКиТ" ЖШС-2016 жылы құрылған компания. Компанияның негізгі қызметі-биохимиялық анализаторларға арналған реагенттер жиынтығын өндіру. Біздің негізгі мақсатымыз биохимиялық зерттеулердің кең спектрі үшін Қазақстан Республикасының КДЛ-ін сапалы және қолжетімді диагностикалық тест-жүйелермен жарақтандыру болып табылады. Компанияның ілеспе бағыты химиялық реактивтермен, зертханалық керек-жарақтармен және зертханаларға, ғылыми-зерттеу орталықтарына және химия және фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындарына арналған ыдыстармен қамтамасыз ету болып табылады.